Русская версия сайта   English version   Казахская версия сайта
   
Қазақстан Республикасының
Аралық Соты
Халықаралық
Төрелік Сот
Халыкаралық Медиациялық
Орталығы
 
 
Қазақстан Республикасының «IAC» Аралық Соты тұрақты түрде қызмет атқаратын универсалды білікті төрелік сот болып табылады. Бұл жайт тұлғалардың арасында әртүрлі нарықтық–шаруашылық ара–қатынастардан туындаған келіспеушіліктерді талқылау мүмкіндігіне ие екендігін білдіреді, сонымен қатар қазіргі заманғы нарықтық экономикамен және де оның даму шарттарына сәйкес келетін, келіспеушіліктреді талқылаудың тиімді механизмдерін жасауға көзделген. Қазақстан Республикасының «IAC» Аралық Сотының құрылу кезеңінен бастап қазіргі таңдағы жұмыс барысында, қарамағына берілген келіспеушілікті әділ, объективті әрі заң жүзіне сәйкес болып табылатын шешімге келу мақсатында барлық шараларды ісжүзіне асырады.

Қазақстан Республикасының «IAC» Аралық Сотының Регламенті Қазақстан Республикасының «IAC» Аралық Сотының жұмыс істеу тәртібі мен осы соттағы аралық талқылаудың жүргізілу шарттарын анықтайтын негізгі құжаты болып табылады. Міне, сондықтан аталған құжатты жазу барысында үлкен талқылау жұмысы жүргізілген еді. Осы талқылауда аралық сот ісінің дау туғызарлық сұрақтарын зерттеулері орын алып, ерекше көңіл аралық талқылауға қатысушылардың процессуалдық әрекеттері мен олардан туындайтын жағдайларға бөлінді.

Қазақстан Республикасының «IAC» Аралық Соты аралық талқылаудың барысында азаматтық–құқықтық қарым–қатынастардан туындаған келіспеушіліктерді қарастыруда тәжірибесі зор болып келетін «Independent Arbitration Centre» мекемесімен құрылған. Қазақстан Республикасының «IAC» Аралық Сотының құрылу негіздерінің бірі, кәсіпкерлікпен айналушы тұлғаларға келіспеушіліктерді талқылауда сот ісінің жүргізілуінде тәуелсіздікті, әділдікті, объктивтікті, экономдықты қамтамасыз ететін, мемлекеттік сот ісінің қарамағынан тыс түрлерін таңдауға мүмкіндік беру болып табылады. Қазақстан Республикасының Аралық Сотының келіспеушіліктерді талқылауда құқықтық–ұйымдастыру қызметі соттың құрамымен шығарылған шешімінің дұрыстығында білікті сотта күмән туғызбауды және де жақтармен шешімдердің орындалу пайызы тұрақты түрде жоғары болуын қамтамасыз ететіндей етіп жасалған.

Қазақстан Республикасының «IAC» Аралық Сотында мамандандырылған соттар алқасы құрылған: заңгерлік, қаржы–нарықтық, өндірістік-техникалық пен әлеуметтік. Осы соттар алқасы әртүрлі салалардан жинақтандырылған беделді ғалымдар мен мамандардан тұрады. Енді жақтар, төрелік соттарды, дау–жанжалдың сипаты мен пәнін еске ала отырып, таңдауға мүмкіндік алады. Қазақстан Республикасының «IAC» Аралық Сотынының тағы бір айырмашылығы аралық және де төрелік соттарды таңдау рәсімінде қарастырылған ерекше тәсіл болып табылады. Осы аталған тәсіл, соттардың басқа тұлғалармен тағайындалу мүмкіндіктеріне жол берілмеуін қамтамасыз етіп, максималдық тәуелсіздік пен бейтараптыққа жол ашады.

Әңгіменің түйініне келе отырып, аса қажетті мәселені айта кеткен жөн. Бұл мөлшері аса тиымды болып келетін аралық алымды төлеудегі қарастырылған икемді жүйесімен қатар, аралық талқылаудың әкімшілік етудің жүрісін сапалы ұйымдастырылуы кепілденген, сонымен қатар, сот мәжілісі уақытысында жоғары дәрәжәдегі жайлылық қамтамасыз етіледі. Аталған жағдайлар, жақтардың алаң болмай, өз мүдделерін қорғауда көмек болады.



Independent Arbitration Center
г.Алматы, ул.Шевченко, 157
Телефон: +7 727 333 70 27
+7 701 767 83 63

 

 
 
 

Independent Arbitration Center © 2008
Все права защищены ©
Материалы сайта могут использоваться с обязательным указанием ссылки на источник
Шарттар

Разработано студией Neolabs Web Solution