Русская версия сайта   English version   Казахская версия сайта
   
Қазақстан Республикасының
Аралық Соты
Халықаралық
Төрелік Сот
Халыкаралық Медиациялық
Орталығы
 
 
Ақпаратты пайдалану шарттары және ережелері

Құрметті «Independent Arbitration Centre» мекемесінің веб-сайтына келушілер!

Сіздерге біздің ұйымға қызығушылық көрсеткендеріңіз үшін алғыс айтамыз және сіздерге «Independent Arbitration Centre» мекемесінің веб-сайтында орналастырылған ақпаратты пайдаланудың шарттары және ережелері туралы ақпарат бергіміз келеді.

1. «Independent Arbitration Centre» мекемесінің веб-сайтына кірген кезде:

Рұқсат беріледі:
• сайтта орналастырылған ақпаратты тек ондай ақпараттың көзі көрсетілген (желілік БАҚ-та – тиісті интернет-бетке гиперсілтемелер) кезде ғана көшіруге (бұқаралық ақпарат құралдарында сайттың ақпараттық бөлімдерінде көрсетілген қандай да бір мәліметтерді не хабарламаларды дәйкесөз ретінде келтіруге);
• ақпаратты тек коммерциялық емес мақсаттарға (жеке, танысу, білім алу, зерттеу және соған ұқсас мақсаттарға) пайдалануға.

Тиым салынады:
• сайтта орналастырылған ақпаратты ондай ақпараттың көшірмелерін ақысыз дайындауды қоса, бірақ онымен шектелмей, қандай да бір коммерциялық мақсаттарға пайдалануға;
• сайттың ақпаратын коммерциялық тұсаукесулерде пайдалануға, не ондай ақпаратқа ақылы қол жеткізуді өзге тәсілмен ұсынуға;
• ақпаратты басқа веб-сайттарда орналастыру үшін не қағаз немесе магнит тасығыштардағы көшірмелерін жасау арқылы тарату үшін «Independent Arbitration Centre» мекемесінің алдын-ала берген жазбаша келісімінсіз көшіруге;
• Мекеменің веб-сайтынан көшірілген (дәйкесөз ретінде келтірілген) ақпаратқа қандай да бір өзгертулер, толықтырулар немесе бұрмалаулар енгізуге;
• олардың негізінде жаңа ақпараттық нысандар жасау үшін не қандай да бір басқа мақсаттармен веб-сайттың дизайнын толық немесе ішінара пайдалануға (көшіруге, имитациялауға);
• суреттерді, кестелерді, дыбыстық немесе бейне ақпаратты басқа веб-сайттарда орналастыру үшін не қағаз немесе магнит тасығыштардағы көшірмелерін жасау арқылы тарату үшін «Independent Arbitration Centre» мекемесінің алдын-ала берген жазбаша келісімінсіз көшіруге.


2. «Independent Arbitration Centre» мекемесінің жауапкершілігі:
• осы сайттың беттерінде адамдардың мекеме әкімшілігінің көзқарасына сәйкес келмейтін түрлі пікірлері және мәлімдемелері ұсынылуы мүмкін. Сайтта орналастырылған ондай ақпаратты сіз өз тәуекеліңізбен пайдаланасыз. «Independent Arbitration Centre» мекемесінің әкімшілігі себебіне немесе одан келген кез-келген залалға тәуелсіз, бір де бір пайдаланушының алдында оның қондырғыларының жұмыс қабілетінің кез-келген бұзылғаны, компьютерлік вирустар немесе байланыс желісінің жұмыс істемей қалағаны үшін жауапкершілікті болмайды;
• «Independent Arbitration Centre» мекемесі сілтемелері «Independent Arbitration Centre» мекемесінің сайтында орналастырылған сайттардың ақпаратының қол жетімділігі, мазмұны және олардың құпиялылықты қамтамасыз ету саясаты үшін жауапкершілікті болмайды;
• «Independent Arbitration Centre» мекемесі веб-сайтта ұсынылған материалдарды өзекті етуге күш сала отырып, веб-сайтта мазмұндалған ақпараттың дәлдігіне және толықтығына кепілдік бере алмайды, себебі қазіргі заманғы технологиялар үшінші тұлғалардың сайтты басқаруға рұқсатсыз қол жеткізуінен абсолютті қорғанысты қамтамасыз ете алмайды. Осыған байланысты «Independent Arbitration Centre» мекемесі қажет жағдайларда ақпаратты және материалдарды атаулы алу үшін мекеме әкімшілігіне хабарласуларыңызды өтінеді, сондай-ақ сайтта ұсынылған материалдарды және интерактивтік сервистерді пайдалануға байланысты келген тікелей, жанама, кездейсоқ, айыппұлдық және кез-келген басқа залал үшін жауапкершілікті болмайтындығын хабарлайды.

«Independent Arbitration Centre» мекемесінің веб-сайтында көрсетілген барлық сауда маркалары, фирмалық аталымдар және компаниялардың аталымдары тіркелген болып табылады және болып табылуы мүмкін және олардың тиісті иелеріне тиесілі.




Independent Arbitration Center
г.Алматы, ул.Шевченко, 157
Телефон: +7 727 333 70 27
+7 701 767 83 63

 

 
 
 

Independent Arbitration Center © 2008
Все права защищены ©
Материалы сайта могут использоваться с обязательным указанием ссылки на источник
Шарттар

Разработано студией Neolabs Web Solution