Русская версия сайта   English version   Казахская версия сайта
   
Қазақстан Республикасының
Аралық Соты
Халықаралық
Төрелік Сот
Халыкаралық Медиациялық
Орталығы
 
 




«IAC» Халықаралық Медиация Орталығы тұрақты түрде қызмет ететін, жеке және/немесе заңды тұлғаларға коммерциялық, корпоративтік, отбасылық, еңбек және тағы да басқа арақатынастардан туындайтын келіспеушіліктерде мәмілеге келу мақсатында, мамандандырылған көмек көрсету мақсатында құрылған сот қызметінен тыс институты болып табылады. «IAC» Халықаралық Медиация Орталығын құру шешімі, келіспеушілікті экономды әрі нәтижелі жолмен, іскерлік, отбасылық, және де тұлғалар арасында пайда болатын тағы басқа ара-қатынастарды бұзбай, медиация сияқты, келіспеушіліктерді қарастырудың альтернативтік түрлерінің кең таралуымен және де қызығушылықтың өсуімен тығыз байланысты.

«IAC» Халықаралық Медиация Орталығы өз жұмысында қазіргі заманға сай, жетілдірілген дау–жанжалдардың алдын алу, бағыттандыру, сонымен қатар оларды талқылау жүйелерін басшылыққа алады. Міне, сол себептен, медиация рәсімінің өткізілу тәртібін айқындайтын және «IAC» Халықаралық Медиация Орталығының қызмет атқаруының ұйымдастырылуын қамтамасыз ететін құжаттардың дайындалу барысында, дау–жанжалдардың пайда болу себептері, олардың жүйесі, барысы, талқылау әдістері қарастырылған еді.

«IAC» Халықаралық Медиация Орталығының медиаторларының тізімдік құрамына, біліктілігі аса жоғары, келіссөздер мен медиацияны жүргізуде іскерлік ара- қатынасты сақтай отырып, өзара тиімді шешімге келу мақсаттарына жеткізетін амал- тәсілдерін толығымен игерген мамандар кіреді

Бизнес пен азаматтық қоғамның, нарықтық экономиканың дамуы және тағыда басқа мәселелердің ісжүзіне асуы Қазақстан Республикасында дау–жанжалдарды ресми емес жолдармен қарастыруды қажет ететін, іскерлік, сонымен қатар құқықтық мәдениетінің қалыптасуы жайында мәлімдейді. Медиацияның бүкіләлемдік тәжірибеде әлеуметтік, кәсіби және де басқа салаларда пайда болатын келіспеушіліктерді талқылаудың тиімді тәсілдердің бірі болып табылатынын ескере отырып, біздің мемлекетте де медиация азаматтық қоғам институтының қатайуына өз септігін тигізіп, кең қолданысқа ие болады деп айта аламыз.

«IAC» Халықаралық Медиация Орталығына жүгіну үшін медиацияны өткізу жайында арызды беру жеткілікті. Келісімшарт жасай отырып, жақтар туындайтын келіспеушіліктерді талқылау мақсатында сотқа жүгінбес бұрын, келіспеушілікті «IAC» Халықаралық Медиация Орталығына тапсыруды қарастыру мүмкіндігіне ие. Мұндай мүмкіндік аралық (төрелік) ескертулерге толықтыру енгізу арқылы ізжүзіне асырылады.




Independent Arbitration Center
г.Алматы, ул.Шевченко, 157
Телефон: +7 727 333 70 27
+7 701 767 83 63

 

 
 
 

Independent Arbitration Center © 2008
Все права защищены ©
Материалы сайта могут использоваться с обязательным указанием ссылки на источник
Шарттар

Разработано студией Neolabs Web Solution