|
|
|||
|
|
|||
|
|
|
|
Дауды «IAC» Халықаралық төрелік сотында қарау үшін тараптардың келесі формада ресімделуі мүмкін жазбаша келісімі қажет: • келісім-шартты жасасу кезінде – келісім-шарттағы төрелік туралы тармақ түрінде не дауды «IAC» Халықаралық төрелік сотына беру туралы жеке Келісім түрінде; • келісім-шартты жасасқан соң – туындаған немесе туындауы мүмкін дауды «IAC» Халықаралық төрелік сотына беру туралы жеке Келісім түрінде. Келісім-шарттардағы тармақ түріндегі төрелік келісімнің ұсынылатын мәтіні: Осы келісім-шарттан келіп шығатын немесе онымен байланысты барлық даулар, келіспеушіліктер және талаптар «IAC» Халықаралық төрелік сотында оның Регламентіне сәйкес, саны ______ төрешілер сот құрамымен (тараптардың таңдауы бойынша), ___________ тілінде (тараптардың таңдауы бойынша), _____________ (істі қарау қарау жүргізілетін орын тараптардың таңдауы бойынша) және материалдық құқық нормаларына (тараптардың таңдауы бойынша) сәйкес түпкілікті шешілуі тиіс. Төрелік келісімде алдын-ала келісілу лазымды элементтер: 1. Соттың құрамы – 1, 3 және одан көп төрешілер (төрешілер саны тақ болуы тиіс), қажет болса сондай-ақ судьялардың азаматтығын және оларға қойылатын біліктілік талаптарын көрсетуге болады; 2. Істі төрелік сотта қараудың тілі – тараптардың таңдауы бойынша кез-келген тіл; 3. Істі төрелік сотта қарау жүргізілетін орын – «IAC» Халықаралық төрелік соты орналасқан елді мекен немесе қосымша шығындар төленуі шартымен, тараптар таңдаған өзге орын; Материалдық құқық номалары – туындаған дауды қарау кезінде материалдық құқық нормалары пайдаланылатын елдің атауы көрсетілсін. Скачать (соглашение-МАС.doc) - soglashenie-mas.doc [40 Kb] (cкачиваний: 86) |
|
Independent Arbitration Center
г.Алматы, ул.Шевченко, 157 Телефон: +7 727 333 70 27 +7 701 767 83 63
|
|
Independent Arbitration Center © 2008 |