 |
 |
|
|
Медиация (латынның medius деuty сөзі – екі көзқарастың немесе екі жақтың ортасында болу, орта жолды ұсыну, бейтарапты болу деген мағынаны білдіреді) – бұл, дау – жанжалға қатысушылардың, біріге отырып, пайда болған келіспеушілікті шешу процессі. Айтылған процесстің белгілі бір жетістіктерге жету мүмкіндіктері зор, себебі бұнда ерекше процессуалдық жағдайлармен қатар медиатордың кәсіпкерлік көмегі, жақтардың бір келісімге келуіне бағытталған. Медиацияны кең танылған бітістіру мен табыстыру рәсімдерінің "кемелденген түрімен" салыстыруға болады. Медиация көптеген ғасырлар бойы бейбітшілікті орнықтыру қызмет жолында қолданылғаны мәлім.
Бүгінгі таңда, бүкіләлемдік тәжірибе, медиацияның ірі бизнессетрден бастап, жанұялық дау – жанжалдарда, айрылысу мен дүниені бөлісу деген сияқты мәселелерде қолданылатынын дәлелдейді. Халықаралық санаққа жүгінетін болсақ, мадиация арқылы бүкіл келіспеушіліктердің 30 – 40 пайызы өтеді, сонымен қатар, ойдағыдай нәтижеге оның 85 пайызы ие болады. Бұндай жетістікке жетудің өзі кездейсоқтық емес, себебі медиация бір шешімге келу мүмкіндіктері тәмәмдалды деген жағдайларында да өз шешімін тауып, көптеген қаржылық шығындарға ұшырамай, және де бос уақытты шығын қылмай, жақсы достық, серіктестік, қарым - қатынастарды сақтап қалумен қатар абыройға кір келтірмеуге мүмкіндк береді. Медиацияның ең негізгі артықшылықтардың бірі, оның іс жүргізілу рәсімінің құпиялылығы болып табылады, яғни не болғаны, не айтылғаны құпия болып қалады. Сонымен қатар құпиялы болып табылатын медиатормен жазылған ақпараттар, іс жүргізілу рәсімінің құжаттары мен материалдары жойылады.
Медиатордың негізгі қызметі, жақтардың бірлескен қөзқарасқа келуіне барлық күш - жігерін салу болып табылады. Жақтардың бірлескен қөзқарасқа келуі, олардың алда өткен келіссөздің аса дұрыс нәтижелі болды деген сенімін бекіте түседі. Осындай жолмен жетілген келісімде, жеке арақатынастық мәселелер қарастырылуы мүмкін, яғни келісімде талқыланған жағдайлар ресми сот талқылау кезінде сытрқа шығарылып айтылмауы әбден мүмкін. Жетілген келісімнің жеке арақатынастық мәселелерге қатысты болуы, келісімнің аса берік болуына негіз болады.
Кейбір сарапшылар медиацияның Қазақстан Республикасында даму мүмкіндігінің аздығын мәлімдейді. Бұндай мүмкіндіктің аз болуы, жақтардың тым ашушаң әрі сенімсіз болу себебінде деген ой – пікірлер аз да емес. Сонымен қатар Ресей Федерациясында медиаторлар саны 100 миллион долларға жететін келіспеушіліктерді айтарлықты жоғары дәрежеде қарастыруда, алайда бастапқыда, дауласып жатқан компанияларды бітістіру мүмкіндігі тым аз болған еді. Сенімсіздік көзқарастағы сарапшылардың пікірлерін өзгертуге Қытай елінің медиацияны дамытудағы үлгісі біршама негіз болар. Қытай елінің өкіметі он жыл ішінде медиацияға деген қызығушылықтың туындауына қол жеткізді. Қазіргі таңда медиация арқылы келіспеушіліктердің 40 пайызы қарастырылудың нәтижесінде, елді жаулап алған корпоративтік жанжалдардың мәселесі шешілді. Мендиациямен ондаған мемлекеттік жүйелер мен жеке мекемелер көптен бері айналысады. Ең танымал болған медиация орталықтары Ұлыбританияда, Францияда және де Италияда орналасқан. АҚШ – та соттардың қарамағында медиация арқылы келіспеушіліктерді қарастыруға арналған орталықтар мен кеңестері құрылған, ал медиаторлар ретінде экономиканың, құқықтың және де өндірістің әртүрлі салаларында құзырлы әрі беделді адамдары таңдалған.
Әңгіменің түйініне келе отырып, біздің елде медиация сияқты,келіспеушіліктерді қарастырудың альтернативтік инструментінің дамуы, өркениетті құқықтық кеңістіктің әрі жоғары сатылы демократиялы қоғамның көрсеткіші болып табылады
|
Independent Arbitration Center г.Алматы, ул.Шевченко, 157
Телефон: +7 727 333 70 27
+7 701 767 83 63
|