|
|
|||
|
|
|||
|
|
|
|
Дауларды шешудің жалпы қолданыстағы «Alternative Dispute Resolution» (ADR) анықтамасымен біріктірілген баламалы формаларының Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті және азаматтық қоғамды дамыту үшін маңыздылығын ұғыну 2001 жылы «Independent Arbitration Centre» мекемесінің құрылуына алып келді. Ол азаматтық айналым субъектілерінің арасында туындайтын дауларды шешу және реттеу қызметін табысты жүзеге асырып келе жатқан, Қазақстан Республикасындағы аса ірі тәуелсіз институт болып табылады. «Independent Arbitration Centre» мекемесі азаматтық айналымға әрбір қатысушының бұзылған немесе дауланған әлеуметтік-экономикалық және жеке құқықтары мен босандықтарын қорғауға құқын жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасының «IAC» Аралық сотын, «IAC» Халықаралық төрелік сотын және «IAC» Халықаралық Медиация Орталығын құрды.
«Independent Arbitration Centre» мекемесі қызметінің негізгі мақсаты және мағынасы Қазақстан Республикасында да, одан тыс жерлерде де азаматтық-құқықтық дауларды құзырлы, жедел және үнемді шешуді қамтамасыз етететін құқықтық механизмдерді құру және дамыту және оларға отандық заңгерлер мен іскер топтардың үнемі өсіп келе жатқан мүдделерімен қатар дамуға тырысу болып табылады.
Аралық (төрелік) сот ісін жүргізу және медиация саласындағы үздіксіз ғылыми және практикалық қызмет, әлемдік тәжірибені зерттеу, дауларды шешу үдерістерін әлемдік жоғары стандарттарға сәйкес, әділдік, шынайылық және тәуелсіздік қағидаларының сақталуына барынша жоғары дәрежеде қамтамасыз ететіндей жан-жақты басқару – мүдделі тұлғаларда «Independent Arbitration Centre» мекемесінің құзырлылығы мен кәсібилігіне еш күмән қалдырмайтын артықшылықтардың бір бөлігі ғана. Тап сондықтан, мекеменің банктік және қаржылық қызметтер, өнеркәсіп және құрылыс индустриясы, мұнай және газ секторларын қоса, сан-алуан іскерлік секторлардағы отандық және шет елдік ірі кәсіпорындар қатысқан дауларды шешуде оң тәжірибесі бар.
|
|
Independent Arbitration Center
г.Алматы, ул.Шевченко, 157 Телефон: +7 727 333 70 27 +7 701 767 83 63
|
|
Independent Arbitration Center © 2008 |